Топ-баннер
Топ-баннер2
» » ОТБАСЫ КҮНІНДЕГІ СЫЙ

ОТБАСЫ КҮНІНДЕГІ СЫЙ

Қазақ халқында отбасы әрдайым қасиетті ұғым саналып келген. «Отан – отбасынан басталады» деген сөздің өзі отбасының мемлекетке дейінгі маңызын білдіреді. Үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, бала тәрбиесіне мән беру – ұлттық тәрбиенің ажырамас бөлігі.
15 мамыр – Отбасы күніне орай облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Қармақшы ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Нұргүл Айтбаеваның ұйымдастыруымен аудандық аурухананың перзентхана бөлімінде босанған аналарға құрмет көрсетілді.
Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гулжауһар Раева, аудандық аурухана бас дәрігерінің ана мен баланың денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Парида Сарыбаева, аудандық «Отбасын қолдау» орталығының психологі Назгүл Сайлауова аналарды Отбасы күнімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.
– Сіздерді шын жүректен Отбасы күнімен құттықтаймын. Отбасы – өміріміздің алтын діңгегі, мейірім мен махаббаттың, ізгілік пен сенімнің бесігі. Бүгінгі сәби – ертеңгі болашағымыз. Сондықтан әрбір шаңырақта береке мен бірлік, қуаныш пен шаттық мол болып, сәбидің үні естіле берсін, – деді Г.Төлегенқызы.
«ҚТ» ақпарат
17 мамыр 2025 ж. 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031