» » Вакцинация!

Вакцинация!

Жұқпалы аурудың таралуымен күресудің жалғыз әдісі вакцинациялау болып табылады.
Вакцинация түрлі инфекциядан қорғайтын ең маңызды әдістің бірі. Елімізде мына ауруларға қарсы вакцинация жүргізіледі: туберкулез,(БЦЖ), гепатит «В» (ВГВ), полиомиелит,(ОПВ), қызылша, қызамық, паротит (КПК), күл, дифтерия, сіреспе көкжөтел (АбКДС), гемофильді инфекция (Хиб), короновирусты инфекцияға қарсы (КВИ) және т.б. Қазақстан Республикасы бойынша міндетті екпе жасату мерзімдері бар. Балаларға екпе жасау (Вакцинация) адамзаттың үздік жетістіктерінің бірі. Екпе арқылы жер шарында миллиондаған бала өлімнен, мүгедектіктен аман қалған.Бұған балаларды жаппай вакцинациялау арқылы қол жеткізілді.
Инфекция адам таңдамайды. Егер егу жұмыстары жаппай жүргізілмесе, қоғамда қолайсыз жағдайлар туындауы мүмкін. Ауруға қарсы егілмеген бала сол аурулардың қайнар көзі болып саналады. Ал егілген бала ауырып қалған жағдайда да ауруы жеңіл түрде өтеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерінде соңғы 150 жылда әлемде адамдардың өмір сүру ұзақтығы 30 жылға артқан, оның 25 –жылы вакцинацияның арқасында. Елімізде балалардың құқығын, денсаулығын қорғау ата заңмен белгіленген. Балаға профилактикалық екпе жасату әр ата ананың міндеті. Иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда егілетін адамның медициналық құжатына вакцинация жүргізуге рұқсат береді.
Дәрігер егілетін адамға немесе оның ата анасына, иммундаудан кейінгі реакциялар және қолайсыз көрсетілімдер болуы мүмкін екенін және бұл ретте анасы не істеу керектігін түсіндіруге міндетті. Вакцинация алғаннан кейін егілген бала иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді алдын алу үшін үшін 30 минут бойы медициналық ұйымда медициналық қызметкердің бақылауында болады.
А.Идрисова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы 
14 мамыр 2025 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 276
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 486

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031