ЕРЛЕР ЕСІМІ - ЕЛ ТАРИХЫ
Интернационал ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Адал адам" мәдени тәрбие беру орталығы тұжырымдамасының "Әлем - book" жобасы аясында ауылдық кітапхананың КОВОРКИНГ орталығында, Ұлы жеңіс күніне орай, Ұлы отан соғысының маңызы, халықтың Отан сүйгіштік қасиеті,қаһарман ерлігі мен еңбегі және бүгінгі егеменді еліміздің дамуы. Патриоттық сезімге баулу. Балалардың елін, жерін, Отанын сүюге, ержүректілікке тәрбиелеу мақсатында “Ерлер тарихы-ел тарихы” атты тақырыбында ерлік сағат болып өтті.
“Жеңіс” деген-жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы
- Балалар бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Оны сұрапыл шайқаста талай батыр апаларымыз бен ағаларымыз жаумен шайқасып ерлікпен қаза тапты. Ж.Молдағалиев, Қ.Қайсенов, Б.Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Төлеген Тоқтаров, Талғат Бигельдинов сияқты аты аңызға айналған, ағаларымыз бен әкелерімізді, апаларымызды тарих бетінде “Батыр” деп жазып кетті. Бұл кісілердің есімі ешқашан ұмытылмайды. Кеңес одағының батыры атанған бұл кісілердің есімі мәңгі жадымызда сақталады-деп кітапханашы оқырмандарға тарих беттерін ақтарып кеңінен мағлұмат берді.
Оқырмандар кітапханада ұйымдастырылған “Ұрпаққа-Ұлы жеңіс ұран болған” атты кітап көрмесімен танысты.
Сонымен қатар балалар Отан, батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер айтып өз ара жарысты. Бейнепроектордан “Олар Отан үшін от кешті” атты тақырыбында деректі фильм тамашалады.
Ерлік сағаты соңында оқырмандарды орталық алаңдағы Ұлы Отан соғысы батырларына арналған “Ер есімі-ел есінде” ескерткішіне апарылып батырлар туралы, олардың ерлігі, тарихы туралы мағлұмат берілді.