» » Жеңіс күніне орай республикалық патриоттық форум өтті

Жеңіс күніне орай республикалық патриоттық форум өтті

Kyzylorda-news.kz Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар мерекелері қарсаңында Қызылорда облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, облыстық білім басқармасы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен  «Жастық жалынымыз – сүйікті отанымызға!» тақырыбында республикалық патриоттық форум өтті.
Жеңіс күні.jpeg
Патриоттық форум колледж ауласында әскери-патриоттық митинг пен Мәншүк ескерткішіне тағзым жасаудан бастау алды. Форум аясында «Мәншүк маршы» патриоттық шеруі ұйымдастырылады. 
Қазақтың мақтанышы – Мәншүк Мәметованың есімі ешқашан ұмытылмайды. Қазақтың батыр қызының ерлігін дәріптеу арқылы жастарды патриотизмге, отаншылдыққа, Мәңгілік елдің айбынды азаматы болуға тәрбилеу мақсатындағы шара жыл сайын Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында өтеді.
Жеңіс күні.jpeg
Бүгінде өткен шеруге еліміздің біршама аймақтарынан 500-ден аса студент қыз қатысуда. Тек қана қыздардан сап түзеген, Мәншүк ізбасарларынан кұрылған «Мәншүк маршының» мақсаты –  жалынды жастардың бойында Отанына, туған жеріне деген елжандылық, патриоттық сезімін арттыру, рухани құндылықтарды жетілдіру. Оларды өз елінің жігерлі де қайсар ұрпағы ретінде отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтық белсенділігін қалыптастыру, тарихты құрметтеуге үндеу.
23 сәуір 2025 ж. 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30