Нәрестені ана сүтімен емізудің маңыздылығы

Кейінгі жылдары ЮНИСЕФ бағдарламасына сәйкес (бүкіл дүниежүзілік балалардың денсаулығын сақтау ұйымы) жаңа туған баланы анасына алғаш рет емізуге мүмкіндігінше ерте әкелуі қолданылады. Ана мен баланың жағдайлары көтерсе, баланы алғашқы минуттарда емізген абзал.
Ерте емізудің артықшылықтарына келсек, Бірінші кезекте балаға анасының микрофлорасы енеді, оларға қарсы ана сүті арқылы өтетін антиденелер бар, ауру туындамайды. Сондай-ақ уыз сүтінде белок, иммунды денелердің мөлшері артық болады. Анасы емізу кезінде мейірленіп, ертерек мөлшері көбейеді. Ертерек жатыры жиырылып, қан жоғалту азырақ болады. Шала туған баланы жағдайына және шалалықтың дәрежесіне қарай, ему рефлекстеріне дамуына қарай әртүрлі мерзімдерде емізуге апарамыз. «Табиғаттың алтын заңы» деп аталатын ЮНИСЕФ бағдарламасына сәйкес, баланы тәбетіне қарай тамақтандыру керек, яғни бала қай уақыттажылап, мазасызданса, сол уақытта емізу керек. Осы ұсынысқа сәйкес, балаға 1 жасқа дейін су берудің қажеті жоқ, өйткені ана сүтінің 87%-ы судан тұрады.
Ана сүті нәр береді әрі баланың өсуі мен дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар ана сүті баланы дүниеге әкелген сәттен бастап көптеген вирустық және бактериалық инфекциялардан қорғайды. Оның сәбиге қажетті, нәрлі заттардың бәрі бар. Сәби туғаннан бастап анасының уызын емеді, аз ғана бір тоярлық мөлшерде болғанымен оның құрамы калориялы және иммунды заттардың мөлшерімен барабар заттардан тұрады.
Әсел НҰРЛЫБЕКОВА,
Жалпы тәжірибелік дәрігер