» » Сауатты қоғамда сыбайластыққа орын жоқ

Сауатты қоғамда сыбайластыққа орын жоқ

Сыбайлас жемқорлықпен күресті қоғам ішінде жаман әдетке қарсы сананы қалыптастырудан бастауымыз керек. Жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу жас буынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндтеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірі саналады.
Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы үшін қоғам сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті дерт деп тануы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамның құқықтық сауаттылығының төмен немесе жоғары болуына байланысты. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген сенімділігін күшейтеді. Бұл жерде  жас ұрпақтың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыруда отансүйгіштік сезімін күшейту маңызды. Бұған қатысты шараларды оқу орындарынан бастағанымыз дұрыс.
Жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы, жаман әдетке мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеуіміз керек. Қазір сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерін жою үшін Қазақстан азаматтарының құқықтық сауатын көтеруге бағытталған ауқымды шаралар қолға алынуда. Жастардың құқықтық білімін көтеру аса маңызды. Өйткені олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты абайсызда жемқорлыққа қатысушылар болып қалады.
Жалпы, біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар әлемдік стандарттарға сәйкес жүзеге асырылып келеді. Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жою мақсатында заңнамалық актілер қабылданды. Рұқсаттар мен мемлекеттік қызметтердің алынуын жеңілдету үшін электронды үкімет пен электронды сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты  енгізілді. Қоғамның құқықтық тұрғыдан сауатты болып, мемлекеттік қызметтің ашықтық, қолжетімділік қағидасымен жұмыс істеуі жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге әсер еткені анық.
                                              Г.Абуова,
                                                                          Қармақшы аудандық сот әкімшісінің
жетекші маманы

23 сәуір 2025 ж. 346 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930