» » МӘДЕНИ МҰРАЛАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

МӘДЕНИ МҰРАЛАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев жұмыс сапарымен ауданымызда болды. Ол өңірдің тарихимәдени нысандарын аралап, бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Сапар барысында алдымен аудан аумағындағы киелі орындар – Марал баба мен Қорқыт ата мемориалдық кешеніне барып, тағзым етті.
XVII ғасырда бой көтерген Марал баба кесенесі тарихимәдени мұралар тізіміне енгізілген. Көктемгі жауын-шашын салдарынан кесененің қабырғалары сөгіліп, іргетасы ызаланған еді. Соған сәйкес нысанды қалпына келтіруге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, алдағы уақытта ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ Қорқыт ата кешеніне келуші туристер санын арттыру мәселелері қарастырылды.
Мұнан соң Ғалиасқар Төлендіұлының қатысуымен жас мемлекеттік қызметшілермен ашық форматта кездесу өтті. Кездесу барысында жастар көкейлеріндегі өзекті сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін еркін білдіру мүмкіндігіне ие болды. Жиында елге адал қызмет ету қағидаттары, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалар, оның ішінде әдеп нормалары мен талаптары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы кеңінен айтылды. Депутат мемлекеттік қызметтің маңыздылығына тоқталып, жас мамандарды кәсіби дамуға, жауапкершілік пен адалдыққа негізделген қызмет етуге шақырды.
«ҚТ» ақпарат
18 сәуір 2025 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 519

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930