» » "КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

"КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров және комиссия мүшелері "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында Байқоңыр қаласы мен Төретам кентінде орналасқан әлеуметтік, медициналық, қызмет көрсету мекемелері мен теміржол вокзалында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайлармен танысып, мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамда ыңғайлы жағдай жасау дегенді көбіміз ғимарат алдына пандус қою деп қана түсініп жүрміз. Алайда олай емес. Ғимаратқа дейінгі жол, кіреберіс есік, тіпті табалдырыққа дейін қимыл-қозғалысы аз адамдарға қолайсыздық тудырмауы тиіс.
Ал ғимаратқа кірген соң арнайы сары жолақтардың көмегімен мүмкіндігі шектеулі жандарға бағыт-бағдар берілуі керек. Мекемеде кісілерге қызмет көрсететін касса, құжат тапсыру бұрышы секілді орындардың бәрінің бекітілген талаптары бар. Нысанда тіпті бөлек дәретхана да қарастырылу қажет. Ал есіктердің ені 90 см-ден кем болмауы тиіс.
Бірақ, бұл талаптар көптеген мекемелерде сақталмаған.
Бүгінгі жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес мекеме басшыларына ескертулер жасалып, олқылықтарды тез арада ретке келтіру жұмыстары комиссия тарапынан партиялық бақылауға алынды.
17 сәуір 2025 ж. 389 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031