» » "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында мониторинг жүргізілді

"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында мониторинг жүргізілді


Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында Байқоңыр қаласындағы медициналық, қызмет көрсету мен білім мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайлармен танысты.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамда ыңғайлы жағдай жасау дегенді көбіміз ғимарат алдына пандус қою деп қана түсініп жүрміз. Алайда олай емес. Ғимаратқа дейінгі жол, кіреберіс есік, тіпті табалдырыққа дейін қимыл-қозғалысы аз адамдарға қолайсыздық тудырмауы тиіс.

Ал ғимаратқа кірген соң арнайы сары жолақтардың көмегімен мүмкіндігі шектеулі жандарға бағыт-бағдар берілуі керек. Бөлек дәретхана да қарастырылу қажет. Ал есіктердің ені 90 см-ден кем болмауы тиіс.

Бірақ, өкінішке орай, бұл талаптар көптеген мекемелерде сақталмаған.

Бүгінгі жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес мекеме басшыларына ескертулер жасалды. Анықталған олқылықтарды тез арада ретке келтіру жұмыстары комиссия тарапынан партиялық бақылауға алынды.
18 сәуір 2024 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 949
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 585

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930