» » "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында мониторинг жүргізілді

"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында мониторинг жүргізілді

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында Байқоңыр қалалық көпбейінді ауруханасында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайлармен танысты.

Бірінші кезекте ғимарат алдындағы пандусқа аса мән берілді. Анықталған кемшіліктер қалалық аурухана басшылығына ескертілді.

Ғимаратқа дейінгі жол, кіреберіс есік пен табалдырық бойынша да ұсыныстар берілді.

Ғимараттың ішінде көру қабілеті нашар адамдарға бағыт беретін арнайы сары жолақтардың болуы туралы да айтылды.

Жалпы қалалық ауруханада мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруға байланысты тиісті ұсыныстар берілді.

Тамыз айында бүгінгі жүргізілген мониторинг қорытындысына сәйкес Партиялық бақылау комиссия отырысының өткізілуі жоспарлануда
15 тамыз 2024 ж. 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031