» » Әлем таныған қала

Әлем таныған қала

«Байқоңыр» – адамзат тарихында ғарышқа алғаш қадам басқан жер. Сондықтан оны жердің кіндігі, яғни бастау нүктесі деп атауға толық негіз бар. Ол – тек қазақ даласының емес, бүкіл әлемнің мақтанышы.
Биыл әлемдегі ең алғашқы және ең ірі ғарыш айлағы – «Байқоңырдың» құрылғанына 70 жыл толып отыр. Жақында атаулы жылға және 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай Ақай ауылдық модельді мультимедиа орталығында кітапханашы Қалимаш Нұрмағамбетованың ұйымдастыруымен «Ғарыш ғаламы» атты кітап дефилесі жасалып оқырмандарға таныстырылды. Оның мақсаты – оқырмандарды кітапқұмарлыққа баулу, кітап оқуды дәріптеп, бос уақытын тиімді өткізуге атсалысу, тұңғыш қазақ ғарышкерлерімен таныстыру, ғарыш әлемі туралы мағлұматтар беру.
Кітап дефилесінде кітаптардан зымыранның макеті жасалып және арнайы «Жер кіндігі – Байқоңыр» атты кітап көрмесі де шараның көркін аша түсті. Шараға қатысқан оқушылар әлем таныған ғажайып қала туралы мол мағлұмат ала білді.
Қымбат БЕРДЕШ.
Ақай ауылы
16 сәуір 2025 ж. 538 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30