Тұрмыстық зорлық-зомбылық
Тұрмыстық зорлық-зомбылық кез келген қоғамның ауыр дерті. Жәбірленушілер, көп ретте, күш көрсетушінге материалдық не басқа жағынан тәуелді болады. Қынжылтатыны, көп жағдайда жәбір көрсетушілер жауапқа тартылмайды. Сондықтан, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мемлекеттің де, қоғамның да үлкен міндеті. Және, бұл ретте, елімізде тұрақты жұмыстар жүргізіліп тұрады.
Осы орайда ағымдағы жылдың 11 сәуір күні №121 орта мектебінде Қармақшы ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция капитаны Касимова Айнур Шакзадаевна, Жастан денсаулық орталығының психологі Әмина Кетебаева Тахирқыз, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ-нің Қармақшы ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Айбаева Нұргүл Нұрлыбекқызы және мектеп психологы Айжан Талғатқызы 7-8-9 сынып оқушыларға түсіндірме жұмыстар жүргізе отырып тақырыптық психологиялық тренингтер жүргізілді.
Айнұр Шакзадаевна: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жою – еліміздің отбасылық - демографиялық саясатындағы өзекті мәселе. Зорлық әлеуметтік тәртіпке нұқсан келтіреді, қоғамды тұрақсыздандырады. Тақырып аясында оқушыларға арнайы әзірленген видеороиктер көрсетіліп, Әмина Тахирқызы оқушылар кері байланыс негізінде өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талғат Сағатұлы "Тәрбие тал бесіктен басталады" десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі еш уақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетіндер – әйелдер мен жас балалар. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі.
Балаларға, әсіресе кішкентайларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Дөрекілік, балаға күш көрсету, олардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықты, сайып келгенде қылмысты тудырады. Ол өз-өзіне қол жұмсауға алып келуі мүмкін екенің айта отырып шараға қатысушы сала қызметкерлеріне мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс білдіре отырып қорытындылады