» » «Болмаған балалық шақ»

«Болмаған балалық шақ»

Балалар көктемгі демалысты тиімді өткізу мақсатында С.Есқараев атындағы №27 мектептің мұғалімдері мен оқушылары жазушы Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» повесіне әдеби талдау жасады. №27 мектептің мұғалімі Айткүл Ділдабекова мен кітапханашы Кенже Қошмановалар шығарма туралы өз ойларын ортаға салып,шығарманың негізгі ойы мен мағынасын талқылады. Сондай-ақ, повесть желісі бойынша түсірілген фильмді тамашалап, өз әсерлерімен бөлісті.
Бұл шығарма – автордың өз өмірінен алынған, боямасыз шындыққа негізделген туынды. Ақберен Елгезек жетімдіктің тауқыметін тартып, бала тағдырынан сыр шертіп, өзімен тағдырлас жандарға демеу болу мақсатында қалам тербеген. Оның шығармасы өмірдің өткінші сынақтарына төтеп беруге, қайсарлық пен үмітті жоғалтпауға үндейді.
«…Менің балалығым болған жоқ. Бірақ мен оны жоққа санаған емеспін. Өйткені өмір деген – болған нәрсені емес, болмағанды да бағалай білу…»
Балалар көктемгі демалысын мәнді әрі пайдалы өткізіп, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды. Осындай танымдық шаралар олардың ой-өрісін кеңейтіп, өмірге деген көзқарасын тереңдете түседі.
28 наурыз 2025 ж. 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 841
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 525

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930