» » ҚАРМАҚШЫДА ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ҚАРМАҚШЫДА ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ


Қармақшы ауданында темір жол инфрақұрылымын жаңарту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Айдын Серікұлының төрағалығымен Жосалы және Төретам кенттеріндегі темір жол вокзалдарын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жиын өтті.

Жиынға аудандық мекемелердің басшылары, темір жол саласының мамандары, вокзал басшылары және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, өткен жылы вокзалдарды жаңғырту бойынша жоба-сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілген болатын. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражат бөлініп, конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер мекемелер анықталды.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің тапсырмасына сәйкес, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, 1 сәуірден бастап жөндеу жұмыстарын бастау туралы нақты міндет жүктеді.

Бұл жұмыстар жолаушыларға сапалы қызмет көрсету деңгейін арттырып, ауданның көлік инфрақұрылымын жақсартуға айтарлықтай үлес қоспақ.

27 наурыз 2025 ж. 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930