» » МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕУ – ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕУ – ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын дамыту – ел болашағы үшін аса маңызды мәселенің бірі. Тіл ұлттың мәдениеті мен дәстүрінің айнасы, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетін рухани байлығы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – қазақ тілі, мемлекеттік тілдің еліміздің барлық аумағында қолданыс үрдісі кеңейді. Тіл – кешегі ұлы тұлғалардың бізге қалдырған аманаты. Тілдің тағдыры мен болашағы – еліміздің әрбір азаматының қолында. Сол себепті әрқайсысымыз тілімізге ерекше сый-құрмет көрсетіп, оны дамытуға барынша үлес қосуымыз керек.
Ел тәуелсіздігі – тіл тәуелсіздігі. Тіл – ұлттың төлқұжаты, мемлекеттің тұғыры. Мемлекеттік тіліміздің қоғамдық өмірдің әр саласында кеңінен қолданылуы – ұлтты біріктіруге жетелейтін фактор екені баршамызға мәлім. Мемлекеттік тіл арқылы қоғам мүшелері, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас жасалады. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі деген соң, мемлекеттік қызметкерлері міндетті түрде қазақ тілін жоғары деңгейде біліп және халыққа қызмет көрсету бары- сында да пайдалана отырып, оны насихаттауы тиіс.
Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл – бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек. Себебі қазір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары бар. Бұл тілдер қолданыстан қалып, сөйлеуі мен өмір сүруін тоқтатқандар. Оған сол ұлттың не халықтың жойылып кетуі тікелей себеп болады. Одан қала берді отарға тап болған елдердің де тілдері сол держава тіліне бағынып, өз өмір сүру салтын жоғалтады.
Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Әлемдегі ең көп таралған тіл – ағылшын тілі. Себебі оның таралу және қолдану аймағы кең. Ал ең сұлу тіл деп француз тілін атайды. Дегенмен осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады. Неге?
Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Тек қолданатын халықтың саны аз демесеңіз, бұл тілдің құдіреті ерекше. Абайға дейін жыраулар, батырлар мен хандар, шешендер осы ана тіліміз арқылы дау шешіп, соғыстың бетін қайтарған. Абайдан кейінгі қазақ тілінің ерекше қолданысқа түсуі, оның қазақ поэзиясын халық ішіне идіріп әкелуі. Әрине Абайға дейін де поэзия болды. Бірақ ол зар заман жырлары мен дастандары. Ал Абай тілінде сұлулық пен біз айтқан ерекшелік үндесіп жатыр.
Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз керек. Себебі сіздің тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен рөл ойнауы мүмкін. Мәселен кезіндегі орхон, руна жазулары бүгінгі көптеген түркі халықтарына тән тарихи деректердің көзін ашып беріп отыр. Ендеше сіздің де тіл өлмесе, ертеңгі ұрпақ үшін, жалпы адамзат үшін үлкен мәнге ие болары сөзсіз.
Өз тіліңізді сүйе отырып, өзге тілге құрмет білдіріңіз. Тілсіз тірліктің тасы өрге домалайды десе, қателесесіз. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте дегендей, өз ана тілімізге жететін бәс жоқ.
Қорытындылай келе, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын дамыту – елдің тұтастығын нығайтып, ұлттың рухани байлығын сақтайды. Қазақ тілін дамытуға баршамыз жауаптымыз, әр азамат бұл іске өз үлесін қосуға міндетті. Тек бірлесе отырып, тіліміздің мәртебесін көтеріп, болашақ ұрпаққа асыл мұрамызды жеткізе аламыз.
С.ҚОЖАҚОВ,
аудандық соттың судьясы
09 наурыз 2025 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 611
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930