» » Кітап көрмесі таныстырылды

Кітап көрмесі таныстырылды


   Кент кітапханасында «Жұмысшы мамандықтары» жылына орай кітап көрмесі өтті.  «Жұмысшы – мәртебелі мамандық»  тақырыбындағы көрмеге аудандық аграрлық-техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Азиз Досболов, арнаулы пән оқытушысы Нұрлыбек Ілиясбек, колледж студенттері және қоғамдық даму бөлімінің маманы Рахат Бақытжанның жетекшілігімен мектептің жоғары сынып оқушылары келіп танысты.
   Кітап көрмесіне «Кәсіптік  білім» сериясымен шыққан әдебиеттер және ауданымыздағы танымал еңбек адамдарының өмірі жайлы әдебиеттер қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Бұл көрменің басты мақсаты – жұмысшы мамандығының маңыздылығын арттыру, жастарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау және еңбек адамының беделін арттыру, кітапханаға кітап оқуға шақыру. Көрме нәтижесінде студенттер мен оқушылар еңбек адамдары жөнінде тың ақпараттар алып, жаңа кітаптармен танысты.

«ҚТ» ақпарат
26 ақпан 2025 ж. 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30