» » МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - ӨМІРІҢІЗДІҢ БІР КІРПІШІН ДҰРЫС ҚАЛАУ

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - ӨМІРІҢІЗДІҢ БІР КІРПІШІН ДҰРЫС ҚАЛАУ


Білім бөліміне қарасты Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінде «Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау»атты кездесу кеші өткізілді.

Қазіргі таңда елімізде жұмысшы мамандықтары экономиканың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Құрылысшылар, дәнекерлеушілер, механиктер, электриктер, технологтар – осылардың бәрі өндіріс саласында еңбек етіп, елдің материалдық базасының негізін қалайды. Соған қарамастан, бұл мамандықтардың беделі соңғы жылдары төмендеп, жастар арасында сұраныс азайғаны байқалады. Мемлекет басшысының жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Осыған орай 9-10-сынып білім алушыларымен арнайы мамандармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу кешіне Аяшова Мейраш Абдықалыққызы - Қармақшы ауданы білім бөлімінің әдіскері, Досболов Азиз Дүкенбайұлы – Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, Ілиясбек Нұрлыбек Ілиясбекұлы - Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің арнаулы пән оқытушысы, Алпамысова Ақерке Амандыққызы - Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің жалпы пән оқытушысы қатысты. Аталған арнайы мамандар білім алушыларға өз ақыл- кеңестерін айтып, пікір алмасты.

Сонымен қатар білім алушылар өздерінің көкейінде жүрген мамандыққа байланысты маңызды сұрақтардың жауабын алды.

07 ақпан 2025 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

№45 (10413)

20 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 975
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30