» » ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК

ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК

Елімізде биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған.
Өткен аптада аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен аудандағы аграрлытехникалық колледжінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен ашық есік күні өткізілді.
Жалпы жұмыссыздар санын азайту – қазіргі қоғамда күн тәртібінен түспейтін басты мәселенің бірі. Осыған байланысты жер-жерлерде ауқымды ісшаралар жүргізіліп, еліміз бойынша оңтайлы бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Сонымен қатар қызметкерлер жетіспейтін кей мекемелерде бос орындар жәрмеңкесін өткізу де дәстүрге айналған.
Іс-шараға 68 жұмыссыз азамат қатысты. Олардың ішінде көп балалы отбасылар, бас бостандығын айыру орындарынан босатылғандар
мен пробация есебіндегі азаматтар және студенттер бар.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 13 жұмыс беруші тарапынан 37 бос жұмыс орындары ұсынылды. Олар жұмыс ұсынып қана қоймай, қызметкерлерге қойылатын кәсіби біліктілік талаптар мен жұмысшыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар туралы да айтып түсіндірді. Кейбір мекемелер мамандығы жоқ жұмысшыларды оқытуға мүмкіндіктері барын да айтты. Жұмыс жәрмеңкесіне үміт артып келген жұмыссыздар өздері қалаған кәсіпорындарға әңгімелесуге тіркеліп, еңбек етуге ықыластарын танытты.
Дәстүрге айналған жәрмеңке жұмыссыздықты жойып, жұмыс іздеген азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін бірден бір жеңілдік саналады. Халыққа тиімділігін көрсетіп, осы шара арқылы жұмыс іздегендер мен жұмыс берушілер бір жерде түйісіп, түйткіл мәселе шешімін тауып келеді.
Алдағы уақытта да бұндай ісшаралар жалғасын тауып, нысаналы топтағы азаматтар қатыстырылып ұйымдастырылатын болады.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
19 ақпан 2025 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930