» » ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП БАСТЫ НАЗАРДА

ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП БАСТЫ НАЗАРДА


Аудан әкімі аппаратының басшысы Диас Асылбекұлының төрағалығымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жүзеге асыру бойынша арнайы жиын өтті. Жиынға мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын басшылары, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Аппарат басшысы күн тәртібіндегі мәселені талқылай отырып, экологиялық акция аясында кең көлемді жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті. Ол санитарлық тазалықты сақтау, көркейту және көгалдандыру шараларын қарқынды жүргізу бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Сонымен қатар, мекемелер мен ұйымдарға ғимараттардың қасбетін әктеу және сырлау, аулаларды тазарту жұмыстарын уақтылы орындауды тапсырды.

Кеңес барысында мемлекеттік мекемелерде орнатылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің стандарттарға сәйкес қолданылуын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Аппарат басшысы зақымданған рәміздерді дер кезінде ауыстырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, жиында мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбек тәртібін және жұмыстан тыс уақыттағы тәртіп нормаларын сақтау мәселесіне қатысты нақты тапсырмалар берілді. Оған қоса, қызметкерлер арасында лудоманияның (ойынқұмарлықтың) таралуы мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретінін және еңбек тәртібіне кері әсер ететінін атап өтті. Осыған орай, мекеме басшыларына түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, қызметкерлер арасында алдын алу шараларын жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

18 ақпан 2025 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930