» » Халықаралық деңгейдегі қолдау және жаңа жұмыс орындары

Халықаралық деңгейдегі қолдау және жаңа жұмыс орындары

Арал теңізінің мәселесі – тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдерінің ортақ проблемасы. Сондықтан бұл мәселені шешуде халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына (ХАҚҚ) төрағалық етуде.

Қазақстанның 2024-2026 жылдар аралығындағы төрағалығы аясында 40-қа жуық экологиялық және экономикалық жоба жүзеге асырылады. Президенттің тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан жобалар 2000-ға жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Халықаралық қолдаудың арқасында Арал теңізін қалпына келтіру, балық шаруашылығын дамыту, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғаспақ. Бұл бастамалар өңірдегі халықтың әл-ауқатын жақсартып, жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.

Егер мемлекет, халық және халықаралық ұйымдар бірге жұмыс істесе, Арал өңірі бұрынғы келбетіне қайта оралады. Біздің басты міндетіміз – бұл өзгерістерді қолдап, табиғатты сақтауға барынша үлес қосу. Арал – біздің ортақ байлығымыз!
Асулан Каменов,
Егінші
12 ақпан 2025 ж. 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 855
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 116

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930