» » ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ СЫР ЕЛІНЕ КЕЛДІ

ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ СЫР ЕЛІНЕ КЕЛДІ


Облыс әкімдігінде «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасы талқыланған мәжіліс өтті. Оған ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, аталған министрліктің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы саласының басшылары, ардагерлер қатысты.
Бахыт Жаханов аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде атқарылған жұмыстарға, алдағы жоспарларға тоқталды.
«Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасының 3 негізгі компоненті бар. Соның 2-уі Қызылорда облысында тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметті қолдауға арналған.
Екінші компоненттің бес бағыты – балық шаруашылығы, туризм, жасыл белдеу құру, егін және мал шаруашылығы. Оған 39 жоба енгізілген, 13-ін Халықаралық «Аралды құтқару қорының» атқарушы дирекциясы, 13-ін жергілікті әкімдіктер, 4 жобаны Балық шаруашылығы ғылыми зерттеу орталығының Арал филиалы, 3 жобаны Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, 6 жобаны әртүрлі ұйымдар, жеке тұлғалар ұсынған.
Жобалар іске асқан жағдайда 1927 адам тұрақты жұмыспен қамтылуы жоспарланған.
«Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылы аумағындағы суармалы алқаптарда 11 ұңғыманы бұрғылау» жобасы 2022 жылы Үкімет резервінен бөлінген қаржыға іске асырылды. Тағы 3 жоба қолға алынған.
Министрдің жұмыс сапары Арал ауданында жалғасады. Онда «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасының техника-экономикалық негіздемесі талқыланатын мәжіліс өтеді деп жоспарлануда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

10 қаңтар 2025 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930