» » Отбасы отанымның бір бөлшегі

Отбасы отанымның бір бөлшегі



Отбасы шаңырақтың нық тірегі
Тыныштық, берекенің болған кені
Бірлік,бақыт, ынтымақ, сыйластықтың
Жарасымды жанұя  болған тегі
Әке болған асқар тау, зор денелі
Байсалдығы бір бөлек  ерекше әлем
Анадайың қамқоршы абзал жанға
Аз болады неге де теңесең сен
Бала болған шаңырақтың болашағы
 Жанұя оныменен  болған сәнді
Әр қадамы қуантқан әке-анасын
Қызықтырған қылығы балдан тәтті
Сыйластық сақталынса жанұяда
Шаңырағың кеңейіп, етек жаяр
Береке мен шаттыққа бөленетін
Әке, ана баламен ел кұлпырар
Жаныңның тыныштығын ойлап жүрсең
Отбасыға көңіл бөл сен жас өрен
Ата-анаңды қуантып батасын ал
Уақыт  шіркін ағын судай сырғып өтер
Отбасы – отанымның бір бөлшегі
Жанымды нұрға бөлер құтты мекен
Қуаныш пен қайғыға ұшырасаң
Жұбататын отбасың болар білем
Өз үйің отбасыңның қадірін біл
Жүрмессің бұл ортада мәңгілікке
Әр сәтті жадыңда мықтап байла,
Үзілсе қалпына келмес мүлде
Отбасым тәрбиемнің тал бесігі
Жанашыр жандарым бар көпке үлгі.
Тәңірден жалбарынып сұрайтыным
Ата-анамның жүрегі соқсын мәңгі
Айгерім Исағалиева
№106 орта мектеп мұғалімі
Иіркөл ауылы
07 ақпан 2025 ж. 347 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728