» » Әке шаңырақтың негізгі тірегі

Әке шаңырақтың негізгі тірегі

qarmaqshy-tany.kz «Әке – асқар тауың» дейді дана халқымыз. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке шаңырақтың тірегі. Әке отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қaмқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының береке-бірлігі, ынтымағы отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Студенттерге отбасындағы әке мен ер азаматтың ролін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-пікірлермен бөлісу, отбасының ұйытқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге сүйішпеншілікке тәрбиелеу мақсатында Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде «Машина мен механизмдерді жөндеу және пайдалану мастері» біліктілігі бойынша Мм-22/9 оқу тобының студенттерінің қатысуымен, өндірістік оқыту шебері А.Досболовтың өткізуімен «Әке шаңырақтың негізгі тірегі» тақырыбында семинар болып өтті. Шара барысында студенттер әке тәрбиесі мен әкенің отбасы институтындағы рөлі, маңызы туралы, әкенің қадірі жөнінде пікір алмасты.

12 желтоқсан 2022 ж. 1 057 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930