» » ТМККК аясында онкологиялық науқастарға аз инвазивті оталар жасалады

ТМККК аясында онкологиялық науқастарға аз инвазивті оталар жасалады


Қазіргі хирургияда гибридті аз инвазивті емдеу әдістері жиі қолданылады. Отаның бұл түрі облыстық онкологиялық орталықта қолданылады. Осы және басқа да оталар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) аясында қолжетімді.
Қармақшы ауданының тұрғыны Ридван Сәбитовтің өңешіндегі қатерлі ісік ерте сатысында анықталды. Облыстық онкологиялық орталықта 60 жастағы науқасқа гибридті аз инвазивті ота жасалды. Бұл лапароскопиялық және эндоскопиялық әдістердің құрамасы. Отаның бұл түрі ауруханада болу уақытын айтарлықтай қысқартады және бұрынғы өмір салтына тезірек оралады.
«Отадан үш күн өткен соң аяғыма тұрдым. Қазір емделіп жатырмын. Барлық процедуралар мен тексерулерден тегін өтемін. Дер кезінде скринингтен, медициналық тексеруден өтуге шақырамын. Мен тамақ пен сусындарды жұту қиын болған кезде алаңдадым. Дереу дәрігерлерге бардым, шұғыл ота жасады», - дейді Ридван Сәбитов.
Дәрігерлер атап өткендей, МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтарға да қолжетімді скринингтік тексерулер мен жылжымалы медициналық кешендердің жұмысының арқасында онкологиялық ауруларды анықтау айтарлықтай өсті.
Егер 2023 жылы 1300-ге жуық бастапқы онкологиялық науқас тіркелсе, 2024 жылы облыста олардың саны 2 мыңға дейін өсті. Облыс онкологиялық орталықтың диспансерлік есебінде 5 889 адам тұр.
«ҚР бөлінісінде облыста кең таралған қатерлі ісіктердің бірі – өңеш қатерлі ісігі. Аймақта бұл диагнозбен 198 адам есепте тұрса, оның ішінде 79 науқастың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші бар. Аз инвазивті отаның кезінде біз ісік пен онымен бірге өңештің бір бөлігін алып тастаймыз, содан кейін асқазанды өңештің қалған бөлігіне дейін созамыз. ТМККК аясында емдеу, сәулелік және химиотерапия, дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету тегін», - деді облыстық онкологиялық орталық директорының орынбасары Айболат Смағұлов.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының ақпараты бойынша, 2024 жылы өңір тұрғындарына ТМККК аясында жалпы сомасы 60,8 млрд теңгеге 1 млн. астам медициналық қызмет көрсетілді.
28 қаңтар 2025 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 219

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930