» » Несеп-жыныс жүйесі ауруларына оталар МӘМС аясында қолжетімді

Несеп-жыныс жүйесі ауруларына оталар МӘМС аясында қолжетімді

Әрбірадамнесеп-жыныс жүйесінің ауруларына тап болады. Ерлердежиі кездесетіндердің біріқуық асты безінің аденомасы, әйелдерде- инконтиненция.Осы және басқа сырқаттар «Medium» урология және андрология медициналық орталығында МӘМС аясында тегін емделеді.
Қызылорда қаласының тұрғыны Ғалымжан Әбілдаев емхана дәрігерінің жолдамасы бойынша келді. 57 жастағы ер адамға қуық асты безінің аденомасы диагнозы қойылды. Науқасқа ота жасалды, барлығы сәтті өтті.
«Емдеуге жатқызу бюросының порталы бойынша емхана осы медициналық ұйымға жолдады. МӘМС аясында ота жасалды, қазір емделіп жатырмын. Дәрігерлерге мың алғыс», - дейді Ғалымжан Әбілдаев.
Урология және андрология орталығында МӘМС аясында түрлі оталар тегін жасалады. Мысалы, туа біткен крипторхизм (баланың іштегі дамуы кезіңде ендердің біреуі немесе екеуі ұмаға түспей қалуы), гидроцеле (ұманың қуысында сұйықтық жиналуы) немесе гипоспадия (уретраның дамымауы) болса. Әйелдерге дәрет ұстай алмаған жағдайда хирургиялық араласу жасалады. Обструктивті азооспермия (бұл ұрпақты болу арнасындағы бітелу салдарынан сперматозоидтың шыға алмайтын жағдайы) диагнозы қойылған ерлерге оталар қолжетімді.
«Оталар аз инвазивті, бұл тіліксіз, кішкене тесіктер арқылы жасалатын хирургиялық оталар. Біз оларды соңғы үлгідегі жабдықты пайдалана отырып жасаймыз. Қуық асты безінің аденомасы кезіндегі отаның құны – 330 мың теңге, бүйректегі кистаны алып тастау – 800 мың теңге. МӘМС жүйесі аясында сақтандырылған пациенттерге диагностика, емдеу және оталар тегін жүргізіледі. Жыл сайын әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан біздің клиникаға шамамен 170 млн. теңге бөлінеді», - деді «Medium» урология және андрология орталығының директоры Олжас Байтуреев.
19 маусым 2024 ж. 136 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031