» » Апостиль – халық аралық стандартталған нысан

Апостиль – халық аралық стандартталған нысан

Апостиль дегеніміз – бір құжатқа қол қойған лауазымды тұлғанын қолын, оны растайтын мөр мен мөртаңбаны куәландыратын арнайы мөртаңба.
Апостиль – шетелге шығатын құжаттардың басқа елдерде түпқұжат екенін және құжатқа қол қойған адамның кім екендігін және тиісті жағдайда бұл құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады. Апостиль деген ұғыммен шетелдерге уақытша немесе тұрақты мекен – жайын ауыстыратын азаматтар құжаттарын рәсімдеген кезде міндетті түрде жолығады. Апостильдің нысаны кемінде 9х9 шаршы см. Түрінде жасалған мөртабан болып табылады.   Апостиль қоюшы адамдар – апостиль қою жөніндегі функциялар орындауға уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.
Апостильге қойылған қол мен мөр ешқандай растауды қажет етпейді. 1999 жылы 30 желтоқсанда ҚР Гаагада 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарға заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылды.
Бүгінгі күнге Гаага Конвенциясына әлемнің 138 мемлекеті кіріп отыр. Осы Конвенцияға кірген уағдаласушы мемлекеттердің бірінің аумағында жасалған апостиль басқа да уағдаласушы мемлекеттердің аумағында ұсынылуы тиіс ресми құжаттарға қолданылады.
Апостиль қоюға құжаттардың түпнұсқалары қабылданады. Көп ағдайда жеке тұлғалар білім орындарынан алған құжаттарын апостильдеуге электронды түрде жолдап жатады. Электронды түрде жолданғанмен, міндетті түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдеріне оқу орындарынан алған құжаттарының түпнұсқасын ұсыну қажет.
Апостиль Конвенциясының ресми тілдерінің (француз немесе ағылшын) біреуінде, сондай-ақ апостиль қойған мемлекеттің ұлттық тілінде қойылуы мүмкін. Іс  жүзінде көп жағдайда апостильде екі тіл (Конвенция тілдерінің біреуі және ұлттық тіл) қосарланып беріледі.
Конвенцияға сәйкес апостиль құжаттың өзінде немесе құжатпен қоса берілетін жекелеген парақта қойылады.
Іс жүзінде түрлі мемлекеттерде апостиль қоюдың түрлі тәсілдері пайдаланылады: резеңке мөртабан, желі (түрлі түсті) ленталар, сүргіш мөр, бедерлі мөр, жапсырма  стикерлер және т.б, сондай-ақ құжатқа қосымша ретінде, яғни желі, бекіткіш шығаршыұтар, скрепкалар түрінде беріледі.
Р.Бисенова,
Қармақшы аудандық соты әкімшісінің
бас маманы 
21 қаңтар 2025 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031