» » Жасандылыққа неге жақынбыз?

Жасандылыққа неге жақынбыз?

Әйел заты болғандықтан әдемілікке, әсемдікке жанымыз құмар. Бүгінде әйел әсемділігі жасанды дүниеге көп әуестенуге әкелуде. Жасанды тырнақ пен кірпік қондырған, қасына өзгеріс енгізген бикештер айналамызда өте көп. Қаскірпікті былай қойғанда, тырнақтың өзін әдемілеп бояп алу сәнге айналғалы қашан. Алайда одан келер қауіп барын бірі білсе, бірі білмесе керек. Саралап көрсек.
Сұлулық салондарының сұранысқа ие қызметінің бір түрі – тырнақ бояту. Статистикалық мәліметке сүйенсек, шағын қаладағы тырнақ шеберінің өзі айына тек тырнақ әрлеуден 150 мыңдай табыс табадымыс. Бәлкім одан да көп. Олардың арасында жасанды тырнақ жапсыратындары да бар. Табысты бизнес түріне айналып, кең қолданысқа енген бұл қызметтің құны да арзан емес. Сұлулықты сатып алғанмен, оның салдарын да ойлап қойған абзал ма дейміз ғой баяғы. Бүгінде дәрігерлер тырнақты бояп, оны ультракүлгін сәулемен кептіру қатерлі ауруларға алып келуі мүмкін деп дабыл қағуда. Тырнақ үстіндегі бояу ауа өткізбейді. Ал тырнақ үнемі демалып, өзінен ауа өтіп тұруын қажет етеді. Ауа жетіспеген жағдайда тырнақ саңырауқұлағы, меланома секілді қатерлі аурулар туындайды. Үздіксіз боялатын тырнақтарда мұндай аурулар жиі кездеседі. Тағы бір ескерер жағдай, мұндай тырнақ бояу әдісі жүкті әйелге екі есе қауіпті. Сондықтан да болашақ ананың мұндай жасанды сұлулыққа әуестенбегені абзалырақ.
Мақаланы жазу барысында аудандағы сән салонына бас сұқтық. Расымен шебермен сөйлесу үшін кезек күтуге тура келді. Айналаға көз салдық. қызылдыжасылды бояулар, әдемі безендірілген тырнақ түрлері сананы жаулап, қызықпасыңызға қоймайдыақ.
– Кез келген әйел әдемі болып жүргісі келеді. Гельмен әрленген немесе жапсырылған тырнақтың негізгі уақыты 23 апта. Оны бұл мерзімнен асыруға болмайды. Тұтынушылардың арасында бір жасатқаннан кейін 3 айға дейін жүретіндері бар. Бұл дұрыс емес. Тырнаққа ауа бармай, асты қарая бастайды. Сол үшін де келушілеріме уақытында жасату керегін ескертіп отырамын, – дейді тырнақ шебері.
Сондай-ақ маманның айтуынша, үздіксіз боялған тырнақ бүлінеді. Ал оны қалпына келтіру үшін жарты жылға жуық уақыт қажет. Негізінен тырнақ бояу үшін жаралмаған. Дәрігерлер адам ағзасындағы өзгерістер әуелі тырнақтан байқалады дейді. Мысалы, созылмалы ауруға шыққанда немесе дәрумен жетіспегенде тырнақтың сыртқы қабаты қабыршықтанатын көрінеді. Деннің саулығын айшықтап тұратын тырнақты бояп, өзімізге зиян келтіріп жүрген жоқпыз ба?
Дінімізде де тырнақ бояу құптала қойылатын дүние емес екен. Бірақ түбегейлі де қарсылық жоқ. Асылында, әйел затына шариғат шеңберінен шықпай сәнденуіне рұқсат етіледі. Тырнақ бояуға арналған лактың құрамында су өткізбейтін қоспалар болғандықтан ол ғұсыл мен дәретке кедергі келтіреді. Алла Тағала аяқ пен қолды, тіпті тырнақты жууды міндеттеді. Кім денеге немесе тырнаққа су өткізбейтін нәрселерді қолданса, онда ол қолын жумаған әрі бұйрықты орындамаған болып саналады. Күйеуінің алдында әдемі көрінгісі келген әйел құптан намазынан кейін боянуына болады. Таң намазының дәретінен бастап құптанды оқуға дағдыланған адам үшін дәрет алып болған соң тырнағын боятуына рұқсат. Бірақ дәреті бұзылып, қайта дәрет алатын жағдайда бояуды кетіруі міндетті екен. Шариғат шеңбері бойынша шарт осылай.
Ал әрбір дене мүшеміз бізге аманат екенін ескеріп, оған құндылық ретінде қарасақ жасандылыққа құмартпасымыз анық. Барымызды бағалап, жасандылықты жанымыздан алыстатсақ екен.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
18 желтоқсан 2024 ж. 63 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 905

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 939

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031