Заманауи технологиялар іс жүргізуді жеңілдетті
Соңғы жылдары сот жұмысына енгізілген түрлі заманауи технологиялар халық игілігіне жарап, бүгінде бұл қызметтер сот ашықтығының, жариялылығының, жеделдігінің көзіне айналды. Сот жүйесіндегі заманауи технологияларды айтқанда, ең алдымен «Сот кабинеті» сервисі ауызға ілігеді. Себебі осы электронды сервистің көмегімен бүгінде әрбір сотқа жүгінуші өзіне ыңғайлы кез келген уақытта, үйден, кеңседен шықпайақ, интернет желісі арқылы өтініш пен арызын электронды түрде жібере алу мүмкіншілігіне ие.
Сервистің көмегімен азаматтар мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеп, сот құжатын, істің бүкіл тарихын қарап, сот актісін басып шығара алады және аталған істің процессуалық мерзімдерін де қарай алады.
«Сот кабинеті» сервисі халықтың сотқа қолжетімділігін қамтамасыз етумен қатар, сот ісін жүргізуді де біршама жеңілдетті. Сот отырысының болатын уақыты мен орны туралы ақпарат тараптардың ұялы телефонына сервис арқылы смс-хабарлама ретінде, істің қаралуы туралы ақпарат «pushхабарлама» түрінде жіберіледі.
Бүгінде аталмыш сервис көптеген электронды қызмет түрлерін көрсету мүмкіндігіне ие. Сот төрелігін одан әрі жандандыру мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде тағы бір жаңа функция, яғни технологиясы QR-кодтарының жаңа технологиясы енгізілді. Халыққа ыңғайлы болу үшін және бірыңғай стандартқа көшу мақсатында «Сот кабинеті» сер висінде авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою тетігі өзгертілді.
Осы секілді салаға тың жаңашылдық әкелген технология ның бірі – сот процесінде үн бейне жазба құралдарының қолданылуы. Қазіргі таңда Республика соттарының залдары түгелдей дыбыс-бейнежазба құрылғыларымен жабдықталған. Бұл тетік – сот ісін жүргізу реформасының институционалды жүйесінің жетілген қадамының бірі. Кез келген сотта қаралатын іс үн-бейнежазба құралының қосылуымен жүргізіледі.
Ақпараттық технологиялар сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін айқындайтын, халық пен соттардың арасына жол салатын көпір болып табылады десек қателеспейміз.
Б.АЙЖАРЫҚҰЛЫ,
аудандық сот әкімшісінің
аға сот приставы