» » Мектеп шеберханасы - кәсіпке қадам

Мектеп шеберханасы - кәсіпке қадам

Бүгінде елімізде кәсіпкерлік кең қанат жайып келеді. Ерінбеген адамның еңбегі еленетіні баршаға аян. Ал мұндай пайдалы істі мектеп кезінен үйренсе, тіпті ғажап емес пе?!
Ауданға қарасты Төретам кентіндегі №85 мектепте оқушылар үшін кәсіпке қадам боларлық жаңа жоба қолға алыныпты. Жуырда ғана «Мектеп. Кәсіп. Болашақ» мектеп жобасы аясында «Бастау» кәдесыйлар жасау шеберхана кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Бұл жобаның мақсаты – тұлғалық өсудің алғышарттарын қалыптастыра отырып, елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман, кәсіп иесі болуға тәрбиелеу. Оқушыларды болашақта лайықты өмір деңгейіне көтерілу үшін кәсіптік бағдар беру, мамандықтардың қыр-сырын меңгерту, ойлау қабілеттері мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыру. Ерте жастан балаларды кәсіпке баулу мақсатында жағдай жасау, оқушылар кәсібіне қолдау білдіру.
Шеберхананың ашылуына Төретам кенті әкімінің орынбасары С.Есқалиева, аудандық білім бөлімінің Байқоңыр қаласындағы сектор меңгерушісі Ж.Тұрарқызы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының маманы Ж.Оразбекова, академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледж директорының орынбасары Н.Алимбаева қатысып, шеберхана лентасы қиылды. Қонақтар оқушылардың жұмыстарымен танысып, кәдесый жасау шығыны, пайдасы туралы ақпараттар алды.
– Өткен оқу жылында жоба аясында келісім-шарт жасасқан. Биыл жаңартып отырмыз. Біздің діттегеніміз – оқушыларды кәсіпке баулу, мамандық таңдауға бағыт ұсыну, қолөнерді насихаттау. Шеберхана еңбек пәндері мұғалімдерінің үйлестірілуімен жүргізіледі. Факультатив сабақтар аясында ұйымдастырылады. Қазір 50-60 оқушы қызығушылық танытып отыр. Ұстаздар кәдесыйлардың формасын жасап берсе, оқушы бояп, әрлейді. Бұл оларды еңбекке баулудың бір көрінісі секілді. Алайда мұның екінші бір қыры бар. Болашақта осы шеберханада шыңдалған оқушымыз таңдауын жасап, кәсіпкер болуы да ғажап емес. Сондықтан бұл жобаның берері мол, – дейді №85 орта мектептің директоры Жасұлан Жұматайұлы.
Түрлі кәдесый жасауды қолға алған шеберханаға әзірге мектеп директорының өзі демеушілік жасауда. Алдағы уақытта өнім түрін көбейтіп, жұмыс ауқымын үлкейтпек ниетте. Бала болашағы үшін қолға алынған жобаның жетістігі мол болсын дейміз.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
04 желтоқсан 2024 ж. 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930