Сыбайластыққа жол жоқ
Бүгінде сыбайлас жемқорлық барлық әлемді алаңдатып отырған аса өзекті мәселелердің бірі. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе сарапшының жалған қорытындысы, сот актісінің орындалмауы тағы сол сияқты осындай қылмыстардың барлығы сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында заңнамалық тұрғыда нормативтік құқықтық база қалыптасқан. Көптеген зерттеуші осы саладағы заңнама нормаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларына жоғары баға бергенімен, оларды шынайы өмірде жүзеге асыру кезінде кейбір нормалардың қажетті деңгейде парақорлыққа қарсы тұруға қауқарсыз екендігі байқалады.
Сол себепті, осы мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарапынан жыл сайын Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында көп көңіл бөлінеді.
Бүгінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, жем қорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, ауқымды шара жүргізілуде. Қоғамдағы сыбайластық көрінісі мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарының дамуына кері әсерін тигізеді. Елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып айқындалған. Осы бағытта бірқатар бағдарламалық құжаттар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында міндеттерді іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылған.
Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріп жүру үшін жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл – індет адамзат баласына жат қасиет. Кеңестік дәуірден бастау алған, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты бармақ басты әдеті әлі де болса қылаң беріп келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп-өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.
Экономиканы әрі қарай дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлемнің бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіру мақсатын жүзеге асыру бойынша стратегиялық міндеттерді шешуді, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға және азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруға негізделген жаңа жүйелі шаралар қабылдануда. Бұл жемқорлық көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазіргі таңда 872437-2-53-25 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды, осы телефонға тіркеу журналы арналған.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған пошта жәшігі қолданыста жұмыс істеп тұр. Пошта жәшігіне түскен өтініштерді тіркеу журналы арналған.
ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімі аппаратында осы жылдың 10 айында жеке және заңды тұлғалардан 8 өтініш түсті. Барлығына уақытылы және қанағаттанар лық жауаптар берілді. Ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі ілініп, аудандық «Қармақшы таңы» газетіне тоқсан сайын мақала жариялануда.
Ж.ҚАЛЫМБЕТОВ,
ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі