» » Апостиль түсінігі және қолдану тәртібі

Апостиль түсінігі және қолдану тәртібі

Халықаралық қарым-қаты настардың терең дамуына бай ланысты, бір мемлекеттің сот органдарынан шыққан құжатты екінші мемлекеттің аумағында ұсыну қажеттілігі туындап жата ды. Құжаттың заңды маңыз дылығын қалай растауға болады және ол үшін не қажет? Осы сұрақпен құзырлы орындарға жүгінетін азаматтар аз емес.
Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба (штамп). Ресми құжаттарға апостиль қою қызметі Гаагада 1961 жылы 5 қазанда қабылданған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Конвенциямен, сонымен қатар бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.
Гаага Конвенциясы азамат тық немесе коммерциялық мәсе лелерде сот және соттан тыс құжаттарды шетелдік тарапқа беру мен ұсынудың ең тиімді механизмін қамтамасыз етуге ар налған халықаралық процестегі маңызды көпжақты халықаралық келісім болып табылады. Алыс шетелдерге жолдануға жататын апостилденген құжаттар мемле кеттің келбеті іспеттес болып табылады. Құжат ұсынылуға жататын мемлекет Гаага Кон венциясына мүше ел болған жағ дайда ғана апостиль қойылады.
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілінің) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады. «Апостиль қою» мемлекеттік қызмет түрі ақылы негізде көр сетілетін болғандықтан міндетті түрде мемлекеттік алым төленуі тиіс.
Апостиль қою туралы өтініш «Сот кабинеті» сервисіне түсіп, онда өтініштің электрондық үлгі сін толтыру, мемлекеттік баж ды төлеу, басқа құжаттарды бе кіту бойынша функционал іске асырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қыз мет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсеті леді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетiлгенi үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көр сеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
А.Мырзағұлова,
аудандық сот әкімшісінің бас маманы
19 қараша 2024 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 240
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031