» » ТІЛ – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ

ТІЛ – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ

Халықаралық Зағиптар күніне орай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тіл – ел байлығы» атты байқау өтті. Басты мақсаты – зағип және нашар көретін кітап оқырмандарымен бірлесе отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік беру, асыл сөздің мәнін білетін жандарға осындай шараларды ұйымдастыру арқылы қуаныш сыйлау. Олардың шығармашылығын дамыту, оқуды жетілдіру және ақыл-ой біліктілігін толықтыру, оқырмандар санының деңгейін жоғарылату.
Байқауды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұршат Наурызбаева ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтады. ІІІ кезең бойынша бақ сынаған қатысушыларды ақын, ардагер ұстаз Кенішкүл Қазақбаева, аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Күлшара Қаниева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Бауыржан Қайырбаев бағалап, төрелігін ұсынды. Байқау нәтижесінде бас жүлдені Талғат Әділов жеңіп алса, І орынды Әділхан Ұзақов, ІІ орынды Қуандық Бекбаев, ІІІ орынды Бақытжан Асанханов пен Гүлханыс Боранбаева иеленді. Сондай-ақ Нұғман Қарақұлов пен Қайрат Қалмаханов алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Жиын соңында «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің аудандағы өкілі Эльмира Үсенова сөз сөйлеп, өз сыйлықтарын ұсынды. Байқау кітапханашы қыздар мен Соқырлар қоғамының мүшесі Қайрат Кәрібозовтің ән шашуымен аяқталды.
«ҚТ» ақпарат
17 қараша 2024 ж. 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 718
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 165

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31