» » Су басу қаупі күтілуде

Су басу қаупі күтілуде

Сырдария өзенінде мұз қатып, су деңгейі көтеріліп, қауіпті аймақта орналасқан елді мекендер мен шаруашылықтарды су басу қаупі туындауы мүмкін.
Сондықтан Сырдария өзеніне немесе су басу қаупі бар аймақтарға жақын орналасқан барлық мал түрлерін осы кезден бастап алдын ала қауіпсіз жерлерге көшірулеріңізді сұраймыз.
Сонымен қатар, эвакуацияланатын аймақтағы тұрғындар бірінші кезекте өзімен бірге құжаттарын жеке куәлік, әскери билет, диплом, балалардың туу туралы куәлігі, үй құжаттары және ақшаларын, құнды заттарын дайындаған жөн. Мезгілге байланысты киім, аяқ киім (дұрысы резина), 2-3 тәулікке жететін азық-түлік пен су, қажетті дәрі-дәрмектер әзірлеп, қажетті жүктерін үйдің шатырына шығарып, малдарына белгі тағу керек. Су басу аймақтарындағы малдарды қауіпсіз аймаққа айдап шығарған жөн. «Сақтансаң, сақтаймын» дегендей, ескертпелерді елеп жүрсеңіздер екен.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі
14 қараша 2024 ж. 400 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 820
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 512

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930