» » Елімізде бірқатар қазақстандықтардың несиелері кешірілмек

Елімізде бірқатар қазақстандықтардың несиелері кешірілмек

Жоғарғы соттың халықаралық кеңесі банктер мен микрокредиттік ұйымдарға интернет-алаяқтарға алданғандардың несиелерін есептен шығару туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоғарғы соттың халықаралық кеңесінің отырысында сот процестеріне жасанды интеллектті енгізу және интернет-алаяқтардан зардап шеккендердің мүддесін қорғау мәселелері талқыланды. 
“Несиені клиенттің қатысуынсыз, алаяқтық жолмен берілгені сот актісімен анықталған кезде несиелік ұйымдардың қарызды есептен шығару бойынша заңды түрде бекітілген міндеттемесі жағдайды түбегейлі өзгертеді. Бұл норма несиелік ұйымдарды несиелердің қауіпсіздік шаралары сақтай отырып берілуін қамтамасыз етуге ынталандыруы тиіс”, – дейді Жоғарғы сот.
Сондай-ақ судьялар интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстардың күрт өскенін атап өтті. 2023 жылы қылмыс саны саны өткен жылмен салыстырғанда 270 пайызға артқан. Қазақстандықтар қылмыскерлердің қысымымен несие алып, кейде мүлкін сатып жібереді. Осылайша алаяқтардың құрбаны болады. 
Енді жәбірленушілер алаяқтарға ақшаны қолма-қол ауыстыруға көмектесетін “дропперлерді”, яғни шоттарына ақша түскен тұлғалардан қаржыны өндіріп алу мақсатында сотқа жүгіне алады. Сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарының әрекеттеріне қарсы шығып, даулай алады. 
Сонымен қатар Жоғарғы сот алаяқтық жолмен алынған қаражатты қайтару тәжірибесін енгізді.
12 қараша 2024 ж. 86 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 085

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031