» » Қазақстандықтар үшін шетелдік интернет-дүкендерде сауда жасау қымбатқа түспек

Қазақстандықтар үшін шетелдік интернет-дүкендерде сауда жасау қымбатқа түспек

Қазақстандықтар танымал интернет-дүкендері iHerb және Wildberries-те бағаның күрт өскенін айтып шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қымбат
Желі қолданушылары iHerb пен Wildberries-те заттардың қымбаттап кеткенін қызу талқылауда. Олар бағалардың артуын Қазақстанда 2022 жылдан бастап енгізілген жаңа “Google салығымен” байланыстыруда.
Айта кетсек, аталмыш салықты қазақстандықтарға цифрлық тауарлары мен қызметтерін сататын әлемдік ғаламтор алпауыттары төлеуі тиіс. Яғни, енді шетелдік интернет-компаниялар Қазақстанда тапқан ақшаға қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеуге міндетті болады. ҚҚС мөлшері сатылған тауарлар мен қызметтер сомасының 12%-ын  құрайды.
“Үкімет “Google салығы” қазақстандықтарға тікелей әсер етпейді деп сендірген болатын. Олар бұл салықты ұйымдар төлейді деген. Алайда енді шетелдік интернет-дүкендер бағаны 12%-ға арттырып жіберді. Түптеп келгенде, Қазақстан үкіметі шетелдік ұйымдарға емес, өз азаматтарына салық салып отыр”, – деп жазды желі қолданушысы. 
“Әдеттегідей заңды қабылдағанда барлық жағдайлар ескерілмеді. Әрине, ұйымдар өз қалталарынан емес, сатып алушылардың есебінен төлейді. Бірақ біз дәл сол 12%-ды үнемдеу үшін желіні пайдаланатын едік”, – деп жазды тағы бір Facebook пайдаланушысы.
04 қаңтар 2022 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031