Топ-баннер
» » Әбе әлеміне енген шуақ

Әбе әлеміне енген шуақ


Алаштың анасы атанған Сыр өңірі, оның ішінде қасиетті Арал топырағы талай тарландарды дүниеге әкелген, тарихи оқиғалардың куәсі болған, киелі мекен. Аралдың төл перзенті, қарымды қаламгер, қажырлы еңбек, арлы қаламымен, талайды тамсантып, қазақ деген халықтың басынан өткен аумалы-төкпелі заманның суретін шұрайлы тілімен, кемел ойымен кестелеген көркем әдебиет алыбы, көрнекті жазушы Əбдіжəміл Нұрпейісовтің 100 жылдық мерейтойына орай «ТЕҢІЗ ТЕКТІ ТҰЛҒА» атты жазушы-журналистер арасында шығармашылық байқау өткен болатын.Ұлт тарихын түгендеп, елдік және ерлік дәстүрді қаламына арқау еткен жазушының ғибратты ғұмырын, шығармашылығын насихаттап, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің бекзада болмысын, өнегелі өмір жолы мен даналығын жастарға үлгі ету мақсатында болған әлем таныған Әбе туралы естеліктер мен ойлы оқиғаларды, мазмұнды материалдарды жинақтаған байқау жазушы-журналистер арасындағы шығармашылық байланысты арттырды.
Осы орайда, Аудандық орталық кітапхананың оқу залында байқау жеңімпаздарымен «Әбе әлеміне енген шақ» кездесу кеші өтті.Шара шымылдығы Әбдіжәміл Нұрпейісов шығармашылығының көрмесімен түрілді.
Алғашқы сөз кезегі аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Махмут Марат ашып, байқау жеңімпаздарына аудан әкімінің алғысын жеткізді.
Кейін шара қонақтар мен көрермендер арасындағы сұхбатқа жалғасып, Мәдниет орталығының өнерпаздары әуезді әнмен әрледі.

"Толқын" ақпарат
08 қараша 2024 ж. 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 453
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728