» » Құжаттарға апостиль қою мәселесі

Құжаттарға апостиль қою мәселесі


Ресми құжаттарға апостиль қою - бұл құжатқа қол қойған адамның қолының және оның өкілеттіктерін растауының, сондай-ақ осы құжатты басатын мөрдің немесе мөртаңбаның шынайылығы тексерілетін процесс. Сот органдары шығарған апостильді құжаттар шет елдерге жіберілуге жатады және бір жағынан мемлекет имиджінің көрінісі болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қағаз тасығышта не «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды түрде апостиль қоюға өтінішті «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге береді. Сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба – апостиль қойылған құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлама не бас тарту себептері көрсетілген жауап жіберіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Қазіргі уақытта «әділет органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы онлайн режимінде алуға болады.
А.Мырзағұлова,
Қармақшы аудандық соты әкімшісінің бас маманы 
23 қазан 2024 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 276
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 489

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031