» » Ресми құжаттарға апостиль қоюдың тәртiбi

Ресми құжаттарға апостиль қоюдың тәртiбi


Апостиль - құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ, құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.
Апостиль Гаага конвенциясының қатысушысы ретiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, лауазымды адамдарынан немесе нотариустарынан ғана шығатын ресми құжаттардың түпнұсқаларында қойылады.
Қазақстан Республикасының аумағында түпнұсқаларға апостильдi қою үшiн өзге егемендi мемлекеттердiң мемлекеттiк органдары, лауазымды адамдары немесе нотариустары берген құжаттары қабылданбайды.
Апостильдiң мәтiнiне өзгерiстер енгiзуге және оның мөртаңбасындағы жолдардың орналасу ретiн өзгертуге жол берiлмейдi.
Апостиль қойғаны үшiн алым төленгенi бойынша және құжатты ұсынуы бойынша апостиль қойылады. Апостиль қою үшiн құжаттар түпнұсқаларда да, нотариаттық расталған көшiрмелерде де ұсыныла алады.
 Апостиль Гаага конвенциясының қатысушысы ретiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, лауазымды адамдарынан немесе нотариустарынан ғана шығатын ресми құжаттардың түпнұсқаларында қойылады.
Қазақстан Республикасының аумағында түпнұсқаларға апостильдi қою үшiн өзге егемендi мемлекеттердiң мемлекеттiк органдары, лауазымды адамдары немесе нотариустары берген құжаттары қабылданбайды.
Апостильдiң мөртаңбасын көшiрме әдiсiмен немесе куәландырылатын құжаттарға тiгу үшiн өзге де жолмен апостильдi парақтан дайындауға жол берiлмейдi. Барлық жағдайларда апостиль мөртаңбаның бедерi ретiнде қойылады. Апостиль, оны ұсынылған құжатқа қою мүмкін емес болған жағдайда қағаздың бөлек парағында қойылуы мүмкін.
Лауазымды адамдардың қолдарының, құжат шығатын мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың елтаңбалық мөрлерi мен мөртаңбаларының үлгiлерi болмаған жағдайда, апостиль құжаттардың нотариаттық расталған көшiрмелерiнде қойылуы мүмкiн. Егер құжатқа бiрнеше адам қол қойса, апостильде лауазымды адамның қолы расталады және қызметi бойынша бастысының лауазымды жағдайы көрсетiледi.


Д.Сахи,
Байқоңыр қалалық сотының бас маманы

29 сәуір 2024 ж. 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930