Ресми құжаттарға апостиль қою қызметі
Апостиль дегеніміз – бір құжатқа қол қойған лауазымды тұлғанын қолын, оны растайтын мөр мен мөртаңбаны куәландыратын арнайы мөртаңба.
Апостиль – шетелге шығатын құжаттардың басқа елдерде түпқұжат екенін және құжатқа қол қойған адамның кім екендігін және тиісті жағдайда бұл құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады. Апостиль деген ұғыммен шетелдерге уақытша немесе тұрақты мекен – жайын ауыстыратын азаматтар құжаттарын рәсімдеген кезде міндетті түрде жолығады.
Апостиль қоюшы адамдар – апостиль қою жөніндегі функциялар орындауға уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.
Апостильге қойылған қол мен мөр ешқандай растауды қажет етпейді.
ҚР Әділет министрлігінің бұйрығымен бекітілген 17 сәуір 2015 жылғы №219 мемлекеттік қызмет көрсету туралы Стандартының әділет органдары мен басқа да мемлекеттік органдардан және нотариустардың құжаттарына апостиль қою туралы стандартына сәйкес, ресми құжаттарға апостиль қою халыққа қызмет көрсету орталықтары бойынша жүзеге асады.
Мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде көрсетіледі. Апостиль қою туралы өтініштің электрондық үлгісін толтыру, мемлекеттік бажды төлеу, басқа құжаттарды бекіту бойынша функционал іске асырылған.
Мемлекеттік өрсетілетін қызмет алушы
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
- нысандағы апостиль қою туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- апостиль қойылуға тиісті құжат;
- мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
- көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда , нотариатта куәландырылған сенімхат;
- басқа мемлекеттік органдар берген құжаттардың қолтаңба мен мөр таңбасының үлгісі.
- Төлем атауы – апостиль қою үшін төленетін мемлекеттік баж салығы.
- Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға уәкілетті мемлекеттік органдардың апостиль қою үшін мемлекеттік баж салығы АЕК-тің (3450 теңге) 50 пайызы мөлшерінде әр құжат үшін 1725теңге алынады.
- Апостиль қоюдан бас тартылса, себептері жазбаша түрде көрсетіле отырып, негізделген бас тарту беріледі.
Бисенова Рахия,
Қармақшы аудандық соты әкімшісінің бас маманы