» » Қаржылық сауаттылығын арттырған тұрғындарға сертификат табысталды

Қаржылық сауаттылығын арттырған тұрғындарға сертификат табысталды

Апта басында ауданымызда азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасының оқыту курсы басталған болатын. Бүгін Ақжар ауылының 67 тұрғыны апталық оқыту курсын сәтті аяқтады.
Өз біліктілігін арттырған Ақжар ауылының тұрғындарына аудандық партия филиалының қызметкері А.Тулебеков арнайы сертификат тапсырды.
- Ауданымызда Мемлекет басшысының ерекше қолдауына ие болған «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы бастау алған болатын. Өздеріңіздің қатысуларыңызбен оқыту аптасы сәтті аяқталды. Арнайы оқыту жұмыстарын жүргізген қаржы сарапшыларына және белсенді қатысқан сіздерге шынайы алғысымызды білдіреміз, - деді А.Тулебеков.
Қатысушылар бір апта уақытта жалпы бағдарлама бойынша білімдерін жетілдіріп, мамандардан қолданыстағы қаржы құралдары, бағдарламалар, несиелер мен гранттар туралы кеңес алды.
- Курстың қатысушысы ретінде өз қаражатымды тиімді басқаруды үйрендім. Қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді анықтау бойынша білімімді жетілдірдім. Жалпы өзіміз білмеген құнды ақпараттар алуға мүмкіндік болды. Осындай тегін курстан лайықты білім алғаныма қуаныштымын, - дейді Ақжар ауылының тұрғыны А.Әміралиева
Сонымен биылғы жылы осымен Қармақшы ауданында қаржылық сауаттылық курсы Ақжар ауылымен қорытындыланды.
20 қазан 2024 ж. 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 098
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 752

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031