» » Семей полигоны – қасіретті шежіре

Семей полигоны – қасіретті шежіре

Елімізде сол бір жылдары талайдың өмірін қиған Атом полигонының отты лебі әлі де өшкен жоқ. Қасіретті уақыт біреуді мүгедек етсе, дүниеге келген сәбиді кемтар қылды. Жалпы ядролық қарудың пайда болуы адамзат тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі болды десек артық айтқандық емес.

Осыдан 75 жыл бұрын Семей полигонында алғашқы атом бомбасын сынақтан өткізді. Содан бастап қазақ даласы сынақ алаңына айналып, 456 рет атом бомбасы тасталды. Сол қауіпті аймақта қаншама адам бақилық болды, жарым жан сәбилер өмірге келді.
Әдепкі кезде бұл зұлмат қаруды жердің бетінде сынап, ауаны улады. Біздер сол жаққа әскерге барған жылдан бастап атом бомба жердің астында сынақтан өткізіле бастады. Осы Семей полигонына біздер 18 жастағы жас сарбаз болып, әскери борышымызды өтеуге келдік. Бұл жерді әдепкі уақытта атом полигоны екенін білмей, кейіннен ұқтық. Тілсіз жау, радиациясы көп ортаға түсіппіз. Жан-жағымыздың бәрі шұңқырлар. Ешқандай өсімдік өспейтін қу тақырға айналған. Әскерден қайтарда бізден қолхат алып, 5 жылға дейін бұл құпияны ішімізде сақтауды бұйырды. Ол жақтан қайтқаннан кейін әскерде бірге болған достарымыздан айырылдық, көбісі мүгедек болып қалды. Осылайша, Семей полигонының қасіретті зардабын тарттық.

Ендігі жерде бейбіт елдің тыныштығы бұзылмасын деп тілеймін. Ұрпағымыз біз көрген қиыншылықты көрмесін. Халқымыз, балаларымыз аман болсын.

Болатбек САҒЫМБАЕВ,
«Невада-Семей» ардагерлер қоғамдық
бірлестігінің төрағасы
30 тамыз 2024 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031