» » "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикасы өтуде

"Құқықтық тәртіп" жедел профилактикасы өтуде

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, вокзалдарда және жолаушылар поездарында қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында Жосалы станса ЖПб ағымдағы жылдың 26-28 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Тәртіп сақшылары, әкімшілік учаскелерімен жолаушы поездарының аумақтарын патрульдеп, сондай-ақ елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, есепке алынған адамдарды бақылау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған немесе тасымалдаған адамдарды тексеру және ұстау бойынша жұмыс жүргізеді.

Іс-шара аясында полицейлер әкімшілік құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын негізге алады.

Жосалы станса ЖПб-нің қызмет көрсету аумағындағы барлық азаматтарды құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда «102» жедел арнасына дереу хабарлауға шақырады.

"ҚТ" ақпарат
27 тамыз 2024 ж. 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10339)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 643

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30