» » Ресми құжаттарға апостиль қою қызметі

Ресми құжаттарға апостиль қою қызметі

Апостиль дегеніміз – бір құжатқа қол қойған лауазымды тұлғанын қолын, оны растайтын мөр мен мөртаңбаны куәландыратын арнайы мөртаңба.

Апостиль – шетелге шығатын құжаттардың басқа елдерде түпқұжат екенін және құжатқа қол қойған адамның кім екендігін және тиісті жағдайда бұл құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады. Апостиль деген ұғыммен шетелдерге уақытша немесе тұрақты мекен – жайын ауыстыратын азаматтар құжаттарын рәсімдеген кезде міндетті түрде жолығады. Апостильдің нысаны кемінде 9х9 шаршы см. Түрінде жасалған мөртабан болып табылады.   Апостиль қоюшы адамдар – апостиль қою жөніндегі функциялар орындауға уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.

Апостильге қойылған қол мен мөр ешқандай растауды қажет етпейді. 1999 жылы 30 желтоқсанда ҚР Гаагада 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарға заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылды.

Бүгінгі күнге Гаага Конвенциясына әлемнің 138 мемлекеті кіріп отыр. Осы Конвенцияға кірген уағдаласушы мемлекеттердің бірінің аумағында жасалған апостиль басқа да уағдаласушы мемлекеттердің аумағында ұсынылуы тиіс ресми құжаттарға қолданылады.

Апостиль қоюға құжаттардың түпнұсқалары қабылданады. Көп ағдайда жеке тұлғалар білім орындарынан алған құжаттарын апостильдеуг электронды түрде жолдап жатады. Электронды түрде жолданғанмен, міндетті түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдеріне оқу орындарынан алған құжаттарының түпнұсқасын ұсыну қажет.

Апостильге қойылған қол мен мөр ешқандай растауды қажет етпейді.

ҚР Әділет министрлігінің бұйрығымен бекітілген 17 сәуір 2015 жылғы №219 мемлекеттік қызмет көрсету туралы Стандартының әділет органдары мен басқа да мемлекеттік органдардан және нотариустардың құжаттарына апостиль қою туралы стандартына сәйкес, ресми құжаттарға апостиль қою халыққа қызмет көрсету орталықтары бойынша жүзеге асады.
 
Мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде көрсетіледі. Апостиль қою туралы өтініштің электрондық үлгісін толтыру, мемлекеттік бажды төлеу, басқа құжаттарды бекіту бойынша функционал іске асырылған.
      Мемлекеттік өрсетілетін қызмет алушы
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
  • нысандағы апостиль қою туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • апостиль қойылуға тиісті құжат;
  • мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
  • көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда , нотариатта  куәландырылған сенімхат;
  • басқа мемлекеттік органдар берген құжаттардың қолтаңба мен мөр таңбасының үлгісі.
  • Апостиль қоюдан бас тартылса, себептері жазбаша түрде көрсетіле отырып, негізделген бас тарту беріледі.
Қармақшы аудандық соты әкімшісінің
 жетекші маманы А.Сапарова
27 тамыз 2024 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031