» » Шайыр ауылындағы шағын кәсіп

Шайыр ауылындағы шағын кәсіп



Ауылдық жерлердегі кәсіп ашуды ұйымдастыру мәселесінде алдымен мал, ауыл шаруашылығы есімізге түседі. Ол заңды да. Себебі түтіні түзу ұшқан елді мекен тұрғындары ырыздық-несібесін жерден тереді. Малдың сүтін, етін сатып пайда көрсе, дәнді-дақыл мен бақша өнімдері күнкөріс қамына жараған. Соңғы жылдары ауданымызда жақсы тенденция қалыптасуда. Ол ауыл халқының  шаруашылықтардан бөлек, өндіріске де өріс қоя бастағаны. Оған дәлелді көптеп келтіруге болады. Біз соның бірі – Дауылкөл ауылдық округіндегі газоблок шығарып жатқан Жанболат Бекпановтың кәсібіне тоқталмақпыз.
Ж.Төребекұлы 1993 жылғы азамат. Осы шайыр ауылының тумасы. "Дәулетті болғыңыз келсе, кәсіппен шұғылдан" деген қағида ертеден аталарымыздан келе жатқан даналық. Бұл – кәсіптің, істің көзін таба білгеннің тұрмыс-тіршілігі сәулетті де дәулетті, бақуатты болатынын меңзейді. Кәсіп деп айтар ауызға оңай болғанымен, оның да өз басына жетіп артылатын машақаты бар. Солай екен деп қорқақтаудың да қажеті шамалы. Алға қадам басып, тәуекел ету, арман-мақсатқа қарай жүру – адам өмірін мағыналы етумен қатар, белгілі биіктерге көтереді. Материалдық жағынан қамтып, тәуелсіз етеді. Біздің кейіпкеріміздің де осы ойлар көптен мазалап, бір шешім шығаруына сеп болған еді. Сөйтіп, өткен жылы кәсіп ашуға бел буады. Жай шешім шығарып қана қоймай, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдауларға арқа сүйемекке бекінеді. Осылайша ол жыл соңына қарай "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында "Байқоңыр" ӘӘК" 8 млн 600 мың теңге несие алып, газоблок қыштарын шығару кәсібін қолға алады. Берілген несие-қаражатқа өндіріске қажетті құрал-жабдық, саймандарын алып, "екі қолға бір күрек" деп іске ә дегеннен кірісіп кетеді.
– Осыған дейін құрылыс саласында жұмыс істедім. Кәсіп бастауда соншалықты қиналғаным жоқ. Өйткені құрылыс жұмысы маған таңсық емес. Қасыма бір адамды жұмысқа алғанмын. Екеуміз бірге істеп жатырмыз. Бұған дейін аздап қол үйретіп, шамалы мөлшерде құйып келдік. Әзірге үйдің ауласынан құюдамыз. Күніне 120 газоблок шығарамыз. Оның құрамына цемент, құм керек болса, сонымен қатар қосымша химиялық қоспалар да қосылады. Оларды арнайылап Алматыдан алдыртамын. Келешекте цех етіп ашсам деген жоспарым бар, – дейді шағын кәсіптің иесі өз сөзінде.
Жалпы газоблок қазіргі таңда тұрғын үй, басқа да құрылыс жұмыстарында жиі қолданылатын құрал. Жанболаттың да өніміне сұраныс көбейген. Оған қоса, бағасы қолжетімді. Әр данасын 750 теңгеден саудалауда. "Сұраныс жаман емес. Бастысы – сапасына көңіл бөлудеміз. Сапалы заттың қашанда өтімі жақсы болады. Сайып келгенде не нәрсенің де бәрі еткен еңбегіңізге байланысты. Жұмыссыз жүрген азаматтар мен жастар болса, қолыңыздан келген шаруаны кәсіпке айналдыруға мүмкіндік екенін баса айтқым келеді" дейді ол.
С.АҚКІСІ
20 тамыз 2024 ж. 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 257

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 357

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930