» » Әкімшілік айыппұлды өндіру-маңызды мәселе

Әкімшілік айыппұлды өндіру-маңызды мәселе


Қармақшы аудандық прокуратурасының бастамасымен мемлекет пайдасына қаржы өндіру мәселесіне қатысты ведомствоаралық мәжіліс өткізілді.

Аудандық әкімдік, сот және уәкілетті орган басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысқан мәжілісте әкімшілік айыппұл және мемлекет алдында басқа да берешектері қалыптасқан тұлғалардан тиісті қаражатты өндіру, қажет болған жағдайда құзырет шегінде мәжбүрлеу әрекеттерін қолдану шаралары талқыланды.
Төленбеген әкімшілік айыппұл қарыздар негізінен полиция мен мемлекеттік кірістер органдарында қалыптасқан.

Қалыптасқан қарыз бойынша әрбір уәкілетті орган басшылары мен жауапты тұлғалардың есептері тыңдалып, тиісті шараларды атқару жөнінде міндеттер жүктелді.

Мәжілісте әкімшілік айыппұлдардың өндірілуін қамтамасыз ету бойынша облыстық деңгейдегі органдармен ағымдағы жылдың басында жасалған меморандум талаптарының мүлтіксіз орындалуы талап етілді.

Одан бөлек, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдар тәжірибесінде және сот тәжірибесінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланып, оларды болдырмау және алдын алу бағытындағы шаралар белгіленді.

07 тамыз 2024 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 220
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 100

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031