» » Тазалық сақтау қиын ба?

Тазалық сақтау қиын ба?

   Тазалық мәдениеті жоғары деңгейде қалыптасқан елдерде бұл айтарлық мәселе болмауы да мүмкін. Ал бізде аймақ тазалығына салғырттық танытатындар әлі де көп.
   «Тазалық – денсаулық кепілі» дейді дана халқымыз. Сондай-ақ исламда «Иманның жартысы – тазалық» деген тамаша тіркес те бар. Қазақ халқы ертеден-ақ тазалыққа ерекше мән берген. Қарап отырсақ, жұмыр жерді мекендейтін сан мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Біздің өмірімізге нәр беріп, көгалымызды көгертіп, тіршіліктің сәнін кіргізіп отырған табиғат анаға қамқорлық танытпайтынымыз өкінішті.
   Жастайымыздан тазалықтың табалдырықтан басталатынын санамызға сіңірдік. Күнделікті есік алдынан бастап қора-қопсыны тазалау, қоқыстарды тиісті орынға шығару, реттеу жұмыстары әдетімізге айналғаны белгілі. Өзіміз өскен ауыл, кент, аудан ортақ үйіміз болғандықтан, оның көшелерінің таза болуы бұл әрбір тұрғынның жан-дүниесінің айнасы іспеттес. Жыл сайын көктем келісімен тазалық айлығы жарияланып, аудан халқы сенбіліктерге шығады. Одан бөлек, қоғамдық жұмыспен қамтылғандар да таза аймақ үшін үлесін қосуда. Көктемде басталған сенбілік әлі де жалғасып келеді. Көшесін көркейтіп, ауласын әсемдеуге құмар тұрғындардың бары рас. Алайда, «бір биеден ала да туады, құла да туады» демекші, тазалыққа немқұрайлы қарайтындар да кездеседі. Әр аптаның сенбісінде мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көшені тазалап-ақ кетеді. Әйтсе де, келесі сенбіде барғанда алғашқы көрініс қайта қайталанады. Өзге келіп тазалаған аймақты әрі қарай таза ұстаудың соншалықты қиын болғаны ма? Осындайда табиғатқа, туған мекенге деген жанашырлық әрбір тұрғынның жүрегінде болса дейсің. Жауапкершілік жүгін тиісті мекемеге артып, тазалық ережесін сақтамау ­– жеке адамның мәдениетінің төмендігінің көрінісі. Түптеп келгенде лас ауаны жұтып, зиянды қоқыстардың ортасында өмір сүретін де өзіміз. Сол үшін тазалықты сақтау жеке бастан бастау алғаны ләзім. Балаларға тазалық сақтау ережесін құр сөзбен айтып қана қоймай, іспен дәлелдеп, көрсетіп, үлгі болуымыз шарт.    
   Тазалық – тәртіптің тірегі, денсаулық кепілі және дамудың тетігі. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Туған жерге, туған елге деген махаббат әрбір адамның бойында болу керек. Ең бастысы, қалың қауымның ортақ мүдделі іске – жанашыр көзқарасы. Табиғат – бұл бізді қоршаған орта. Оған нұқсан келтірмеуіміз керек. «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ». Туған жеріміздің көркеюіне, абаттануына әрбіріміз атсалыссақ қана істің оңалатыны анық. Туған өлкенің жарқырап, жайнап, гүлденіп құлпыруына бәріміз де жауаптымыз. Ең болмаса қоқысты арнайы жәшікке тастап үйренейікші...
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
16 шілде 2024 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 261

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 360

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930