» » Бала өмірі бәрінен бағалы

Бала өмірі бәрінен бағалы

Өткен аптада аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұловтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Оған комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, мектеп директорлары, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Отырыста күн тәртібіне сай «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны аясында атқарылған жұмыстар туралы» аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева, «Демалыс кезінде балалар арасында су, өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары туралы» аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Өмірбек Жаңабайұлының хабарламалары тыңдалды.
Комиссияда 8-9 сынып оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, еңбекке баулуда мектепте көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, ауылдық жерлерде шөп жұлу, келісім негізінде шаруашылық жұмысына атсалысу игі шаралары жүзеге асуда екені айтылды. Сондай-ақ кейбір мектепте ата-ана мен баланың бірге сенбілікке шығып, қоршаған ортаның тазалығына үлес қосу бастамалары да оң нәтиже беріп жатқаны сөз етілді.
Жиында бала қауіпсіздігіне байланысты бірқатар ұсыныс-пікір ортаға салынды. Жаз мезгілінде балалардың жол-көлік оқиғасына тап болмасы үшін, ата-аналардың мұқият болулары тапсырылды. Әсіресе электромопедтердің көптігі кімді болсын алаңдатуда. Жасөспірімдер мен балалардың жолда жүру ережелерін білмейтінін ескерсек, әлбетте бұл өте қауіпті болмақ.
Мәжіліс қорытындысында комиссия төрағасы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және балаларды өрт, су, басқа да сәтсіздік оқиғалары, тосын жағдайлардан сақтандыру қауіпсіздігіне байланысты профилактикалық жұмыстарды күшейту мақсатында сала басшыларына үнемі назарда ұстауды тапсырып, жауапкершілігін жүктеді.
С.ДАТ
25 маусым 2024 ж. 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 215

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930