» » Сот кабинеті жемқорлықты болдырмайды

Сот кабинеті жемқорлықты болдырмайды

Сот жүйесіне соңғы жылдары жаңа ақпараттық технологиялар аясында дайындалған бағдарламалар сотқа қолжетімділікті арттырып, жұмыстағы ашықтық пен жариялылықты жақсарта түсті. Жоғарғы соттың электрондық сот кабинеті бүгінде қарқынды жұмыс істеуде. Халықтың игілігі үшін жасалған бұл бастаманың тиімділігіне жұртшылықтың да көзі жетті.
«Сот кабинетінің» басты ерекшелігі – азаматтардың уақытын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Соның арқасында азаматтар бұрынғыдай сот ғимаратына келіп жүрмейді. Үйінде немесе жұмысында отырып талап қою арызын сотқа қашықтан жолдай алады. Ал ғаламторды қосуға мүмкіндігі жоқтар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін пайдалануына болады. Сонымен қатар сот ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын пайдалана алады. Ол үшін азамат алдымен халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.
Дәл осы «кабинет» арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, тіпті мемлекеттік баж салығында онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады. Атап айтқанда, сот кабинетінің негізгі мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру. Сонымен қатар, сот кабинетін пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштерді бере алады. Хат алмасуға тиімді тәсіл. Сотқа жүгінген азамат талап арызы тіркелгені туралы талон алады, бірнеше күннен кейін оның ұялы телефонына оның арызы бойынша сот құжаты шыққаны туралы хабарлама келеді. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындап, әуреге түспейді.
Электронды қызмет сот жүйесі мамандары мен жекелеген азаматтардың байланысын, яғни қарымқатынасын азайтады. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа бейімділіктің алдын алып және де сот ісін жүргізу жеңілдетіліп түрлі кедергілер жойылады.
С.ҚОЖАБАЕВ,
аудандық сот әкімшісінің бас маман-сот
отырысының хатшысы
14 маусым 2024 ж. 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 267

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 366

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930