» » Сот кабинеті мүмкіндікті молайтады

Сот кабинеті мүмкіндікті молайтады

qarmaqshy-tany.kz «Сот кабинеті» – сот құрылымында қолға алынған заманауи технологиялардың бірі. Электронды формат ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамассыз ету мақсатында жасалып отыр. Сот кабинеті арқылы сотқа электронды түрде талап арыз, шағым, өтініш беруге, тіпті мемлекеттік баж салығын да онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады.

Сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинет» электронды форматын әзірлеген.
Сот кабинетінің негізгі мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру.
Сонымен қатар, сот кабинетін пайдаланушы «іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштерді бере алады. Халықтың сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Қанат ЕСХАНОВ,
аудандық соттың бас маманы
23 қаңтар 2023 ж. 230 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 235

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 338

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930