» » Заңға бағынғанның бағы кемімейді

Заңға бағынғанның бағы кемімейді

Адам өмірін қоғамсыз елестету қиын. Өркениетті қоғамда кез келген жеке тұлға өзін қоршаған ортаның талабы мен тәртібін сақтай отырып, түрлі игіліктерге қол жеткізе алады. Сондықтан адамдар бірлігі қоғамды ұдайы алға жетелеп отыратын, даму мен табыстың негізі саналатын құндылықтар болады. Ал заңды біліп, оған бағыну – әрбірімізге міндет.
Осы орайда аудан прокуроры М.Маханбетжанов азаматтардың құқықтық санасын, «Әділ Қазақстан» Ұлттық идеясын қалыптастыру және «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілету бағытындағы заңнаманы түсіндіру бойынша мүдделі орган өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.
Жиын барысында «Бақытты балалық шақ» (балалар арасындағы құқықбұзушылықтың, буллингтің және суицидтің профилактикасы), «Салауатты болашақ – Есірткісіз өмір», «Құмар ойын ойнағанша спортпен айналыс» (лудоманияның профилактикасы), «Жол ережелерін сақтау – өміріңнің кепілі», «Вандализмге жол жоқ!», «Терроризмге жол жоқ!», «Зорлық-зомбылықсыз отбасы!», «Бизнес пен инвесторларды қорғау», «Қаржы пирамидаларының, алаяқтықтың, оның ішінде интернет-алаяқтықтың алдын алу», «Азаптауға қарсы іс-қимыл!», «Жемқорлыққа «ЖОҚ» деп айтыңыз» тақырыптары бойынша ауданда атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берілді. Бұл мәселенің әрбірі – қоғамда кездесіп, қолға алуды талап етіп отырған кезек күттірмес тақырыптар.
Одан бөлек, «Дәстүр және заң» тақырыбы аясында қалыңдық ұрлауға жол берілмейтіні және оның салдары туралы кеңінен түсіндірілді. Прокурор аталған мәселелердің өзектілігін айта келе, олар бойынша мүдделі органдарға қойылып отырған талаптарды тиісті деңгейде атқару қажеттігін ескертті.
Брифингте аудан көлеміндегі криминогендік ахуал және олар бойынша жүргізіліп жатқан шаралар, аудандық прокуратурамен қадағалау салалары бойынша атқарылған жұмыстар туралы да ақпарат берілді. Кездесу барысында аудан прокуроры Бас прокуратурамен белгіленген басым бағыттар мен жүктелген міндеттерге, оның маңыздылығы мен себептеріне тоқталды.
Брифинг соңында баспасөз өкілдерінің сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, азаматтардың құқықтық санасын арттыру және құқықбұзушылық профилактикасы бағытында бірлескен белсенді шаралар атқаруға шақырды.
Иә, уақыт алға озып, заман өзгергенімен, адамдар әлімсақтан бойына сіңген, болмыс-бітімімен астасқан адамгершілік қасиеттерден айнымау керек. Жаһандану дәуірі қалың жұрттың қамын ойлағаннан гөрі қарақан басының күйін күйттеуді жөн көретіндердің қатарын көбейткені рас. Бірақ мұндай жағдайлар қанмен сіңіп, атадан-балаға қалыптасқан құндылықтарды күйретпеуі тиіс. Қоғам – бізді қоршаған орта. Ол ортаның жайлы өмір сүруіне, өсіп-өнуіне қолайлы болмағын кім қаламайды?! Сондықтан кез келген азамат қоғамның бір мүшесі ретінде айналасының аялы, жанға саялы болуына мүдделі. Көпшіліктің бірбіріне ілтипат көрсетіп, ізетті, қайырымды болуы бірлігімізді бекітіп, берекемізді кіргізеді. Ізгілікті қоғам құру – ілгері жылжудың кепілі.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
23 мамыр 2024 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 274

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930